Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Жұма жылуы» қайырымдылық акциясы жалғасуда (ФОТО)

0 1  961

12 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Жұма жылуы» қайырымдылық шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Мешіт жұмысында басымдық берілетінін жеті бағыттың бірі болған түрлі формада қайрымдылық шараларын ұйымдастыру ісі «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде үрдіске айналған дәстүрлі шара.

Басым бағыттардың жұмысын тіпті де жандандыру мақсатында мешіті ұжымы қайырымдылық жұмыстарына ден қойып келеді.

Осыған орай, ақпан айында «Жұма жылуы» қайырымдылық акциясы басталған еді. Содан бері аталмыш акция өз жалғасын табуда.

Қасиетті жұма күні қайырымдылық акциясы аясында елорданың көше тазалаушы қызметкерлеріне ыстық тамақ пен шай жеткізіліп, еңқор жандардың жұмысына қолдау көрсетілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.