Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өзбекстан мүфтиі көңіл айту жеделхатын жолдады

0 15

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Алимов шығыстанушы-ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан мұсылмандарын діни басқармасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі, ғалым ағамыз Әбсаттар қажының дүниеден өтуіне байланысты оның әулеті мен отбасына, барша Қазақ еліне Өзбекстан мұсылмандары және өз атымнан қайғырып, көңіл айтамын. Әбсаттар қажы саналы ғұмырын мұсылмандардың бірлігіне, Ислам дінінің өркендеп, ілім-білімнің дамуына арнады. Көрші отырған екі елдің татулығы мен ынтымағына үлес қосты. Соңында қалың елі, дұға жасайтын ұрпағы мен білімді шәкірттері, ғылыми және ғибратқа толы еңбектері қалды. Алла Тағала Әбсаттар Бағысбайұлының қысқа ғұмырда жасаған барша игі істеріне мол сауаптан жазғай!» делінген көңіл айту жеделхатында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.