Шілде айы осы жылдың ең ауыр айларының бірі болды. Дертті жұқтыру бойынша елордамыз антирекордттық көрсеткішке жетті. Осынау сындарлы қиын кезеңге қарамастан, имамдарымыз мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтта халыққа білек сыбана қызмет етті.
«Сәдуақас қажы Ғылмани», «Раиса ана» және «Ырыскелді қажы» мешіттерінің имамдары қаламыздағы «Баракат» мал базарындағы құрбан шалу орнына құрбандықтың шалынуы, еттердің бөлшектеліп, мұқтаж жандарға жетуіне, әр құрбан шалушыға есеп беруге жауапты болды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің шілде айында атқарылған маңызды ісшаралар қорытындысы:
- Уағыз-насихат бағыты бойынша: 14 видео уағыз жарық көрді, 2000 қаралымға ие.
- Қайырымдылық бағыты бойынша: 20 отбасы азық – түлікпен, 35 отбасы киім-кешекпен қамтамасыз етілді. 90000 (тоқсан мың) теңге көлемінде жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді.
3. Ихсан ілімі бағыты бойынша: 13 видео уағыз, 8 жарнамалық баннер жарық көрді.
4. Оқу-ағарту бағыты бойынша: 20 шәкірт дәріс алуда.
5. Шаруашылық істері бағыты бойынша; мешіттің бұрынғы сүндетке отырғызу бөлмесінің орнына бас есепшінің бөлмесі жабдықталып аяқталды, мешіттің кіре беріс аркасына жүргізіліп жатқан безендіру жұмыстары аяқталуға жақын.
6. 50 аса сұрақтарға жауап беріліп, 20 отбасылық мәселелерге орай бағыт-бағдар берілді.