Елордадағы «Ырыскелді қажы» мешітінде діни дәріс алатын шәкірт қыздар арасында онлайн Құран жарысы өтті.
«Názik» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен Құран жарысына қатысушылар «Мүлк» сүресін жатқа айтудан бақ сынасты.
Елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты Құран жарысы ZOOM қосымшасы арқылы онлайн өткізіліп, шәкірттер білімін «Ырыскелді қажы» мешіт ұстазы Зарина Шамидуллақызы және «Aq meshit» мешітінің ұстазы Әсел Дүйсебекқызы бағалап отырды. Мешіт бас имамы Яхия қажы Абдоллаұлы жарыс шымылдығын қасиетті Құран аяттарымен бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша Айбике Қарсыбайқызы 1-орын, Ботакөз Айтбаева 2-орын, Айгүл Бекмуратова және Айгүл Жүнісовалар жүлделі 3-орынды иеленді. Жүлдегерлердің барлығы арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.
muslim.kz