Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дубайдағы мұражай әлемдегі ең әдемі мұражай деп танылды

0 868

“National Geographic” журналы Дубай қаласында орналасқан «Болашақ мұражайын» әлемдегі ең әдемі 14 мұражайдың бірі санап, оны архитектуралық ғажайып деп атады. Қазіргі уақытта мұражай ашылуға дайындалып жатыр, содан кейін ол әлемнің жаңа тынысына айналады.

Дубайдың Болашақ Қоры Қамқоршылар Кеңесі Төрағасының орынбасары және басқарушы директоры Мұхаммед Әл Гергави мұражайдың бірегей дизайны мен соңғы технологияларды қолданудың арқасында БАӘ мен бүкіл әлем үшін болашаққа апаратын қақпа болатынын атап өтті.

Жеті қабатты ғимарат 30 мың шаршы метр аумақты алып жатыр және биіктігі 77 метрге жетеді. Аумағы 17 мың шаршы метр болатын араб каллиграфиясымен безендірілген қасбет суретші Маттар бин Лахеждің туындысы. Қасбетте Дубай билеушісі, БАӘ вице-президенті, премьер-министр шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның цитаталары келтірілген.

Мұражай экспозициясы біздің заманымыздың қатері мен мүмкіндіктерін, болашақтың технологияларын зерттеуге арналған. Ішінде капсула көтергіштері, сенсорлық қабырғалар және жаяу көмекші роботтар бар. Dubai Future Foundation құрған мұражай жасанды интеллект пен инновация саласындағы жаңа технологияларды әзірлеуде.

Emirates ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мұнда климаттың өзгеруінің негізгі үш мәселесіне назар аударылатын болады: таза суға қол жеткізу, азық-түлік қауіпсіздігі және қала құрылысы  модернизациясы. Бұл мәселелерді шешу бүкіл адамзат өмірін жақсартады және әлемдік экономиканы нығайтады.

sunna.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.