Алматы облысының әкімдігі 19 миллионыншы қазақстандық туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
19 миллионыншы қазақстандық 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.
“Есімі – Жания Азаматқызы, ата-анасы: Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туған, анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған, Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаево ауылында тұрады”, – деді әкімдік өкілдері.
Айта кетейік, 18 миллионыншы қазақстандық 2017 жылы тіркелген болатын, ол да Алматы облысының тұрғыны. 18 миллионыншы қазақстандық – 2017 жылдың 11 мамырында Талдықорған қаласында Мүслима Саматқызы. Мүслиманың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын.
Tengrinews.kz