Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шымкентте Құран жарысының іріктеу сайысы өтті

0 720

Шымкент орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысы өтті.

Аталмыш шараны Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, қариларға сәттілік тіледі.

Құран жарысының іріктеу сайысына «Ықылас» қарилар орталығының үстазы Кәмілжан қари Юлдашұлы, Шымкент орталық мешітінің найб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев, «Әл-Біләл» мешітіні жанындағы Құран жаттау орталығының ұстазы Абдусамат қари Әшімжан және Шымкент орталық мешіттің ұстазы Нұрсұлтан қари Мәмедалиев қазылық жасады.

Тағылымды жарыс орталық мешіт жанындағы ДСАК шәкірті жас қари Исламали Біржанұлының Құран оқуымен басталды. Жарысқа 40 қари қатысты. Құранның 30, 20, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Мәнерлап оқу бойынша:

І орын – Әмір Асылжан

ІІ орын – Азамат Ерболұлы

ІІІ орын – Ғалешев Жалғас Берікұлы

10 пара бойынша:

І орын – Абдукаюмов Садриддин

ІІ орын – Қасым Русихан

ІІІ орын – Абдукадиров Ғиёсжон

20 пара бойынша:

І орын – Юсуф Илашұлы

ІІ орын – Жалалуддин Сарварханұлы30 пара бойынша:

І орын – Жалиев Алибек

ІІ орын – Расулов Ғұламжан

ІІІ орын – Бахтияров Абдулазиз

Ал қалған жарысқа қатысушы қариларға ынталандыру ретінде алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар үлестірілді. Айтулы шараға «NDC group» компаниясы демеушілік жасады.

 iman.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.