Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жариялайды

0 1  093

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі барлық мешіттер бірнеше жылдан бері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жоғары деңгейде атқарып келеді. Балаларға қуаныш сыйлайтын игі іс биылғы жылы да жалғасын тауып жатыр.

Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан  қаласындағы  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жыл сайынғы үрдіспен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жариялайды.

Қайырымдылық акциясына қатысып, сауапты іске үлесіңізді қосуға асығыңыз!

Барлық сұрақтар бойынша +77756662360 (Нуриддин ұстаз) байланыс номеріне хабарласыңыз.

Kaspi Gold   4400430138476210

 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.