Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАӘ алғаш рет құрма сауда-саттығының онлайн-платформасы іске қосылды

0 402

Біріккен Араб Әмірлігі әлемде тұңғыш рет құрма сауда-саттығының онлайн-платформасын іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Аталмыш платформа жергілікті фермерлерге өз өнімдерін әлемнің әр түкпіріне тікелей сатуына мүмкіндік береді. Бұл жайт өз кезегінде құрма бағасының тұтынушылар үшін қолайлы болуына ықпал етпек. eZad платформасының алғашқы кезеңінде құрма жиын-терінінің алғашқы маусымында, дәлірегі, тамыз айында саудаға шығарылады.

Өнім туралы ақпарат сатып алушыға 48 сағаттың ішінде белгілі болады. Сатып алушылар құрманың бағасы, түрі, мөлшері және сапасы туралы жаңғыртылып отыратын ақпараттарды іздеп, сүзгіден өткізе алады. Бұдан бөлек, сатып алушы құрманы жергілікті қоймалардың бірінен тікелей ала алады немесе құрманы сақтау, қаптау, тиеу, жуу, жеткізу секілді қызметтерге әлемнің кез келген түкпірінде жүгіне алады.

islam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.