Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қасиетті Қағба жуылды

0 393

Киелі екі мешіттің қамқоршысы, Мекке шаһарының губернаторы, ханзада Халид әл-Файсал қасиетті Қағбаны жууға атсалысты, деп хабарлайды «sunna.kz» сайты ресейлік «islam.ru» сайтына сілтеме жасай отырып.

Салтанатты шараға Мекке губернаторының орынбасары ханзада Бадр бен Сұлтан бен Абдул Азиз, Қажылық және умра министрінің міндетін атқарушы, доктор Иссам бен Саад бин Саид және қасиетті екі мешіт төрағалығының басшысы шейх Абдулрахман бин Абдул Азиз қатысты.

Ханзада Халид әл-Файсал қасындағы жоғары лауазымды тұлғалармен бірге мұсылмандардың тәу ететін киелі орны Қағбаны сыпыртқымен сыпырып, матамен және иіссу себілген сумен іші-сыртын жуып, тазалап шықты.

Осыдан 1400 жыл бұрын Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін тірілткен олар Қағбаның ішіне жалаңаяқ кіріп, мәрмәр қабырғасы мен еденін жұпар шашқан маймен сүртіп шықты.

Қағба жылына екі рет – қажылықтан кейін алғашқы ай Мұхаррамда және Шағбан айында жуылады.

sunna.kz

Материалды көшіріп басқан кезде sunna.kz  сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Авторлық құқықты сақтаңыз!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.