Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Нұр-Сұлтанда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

0 820

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық көліктегі жол ақысына байланысты жазба жариялады. Оның сөзінше, қалада автобустар саны артты, ал кәмелетке толмағандар қоғамдық көлікте тегін жүреді.

“2020 жылдың наурызынан бастап кәмелетке толмағандарға жолда тегін жүру енгізілген. (…) Мектептен басқа оқушылар әртүрлі үйірме мен секцияларға қатысып, құрдастарымен кездесетінін ескерсек, бұл шара отбасылар үшін айтарлықтай қолдау болады деп ойлаймын. Кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте жүру тегін”, – деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында. 

Әкімнің хабарлауынша, биыл 8 ай ішінде балалар карантинге қарамастан 8 миллион 300 мыңнан астам рет қоғамдық көлікке отырған.

Көлгіновтің сөзінше, жаңа оқу жылының офлайн форматта басталуына және демалыс маусымының аяқталуына байланысты жолдардағы трафик артады.

sputnik.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.