Сенбі, 19 қыркүйек 2026 ж. 8 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:50
Бесін 12:13
Екінті 16:27
Ақшам 18:25
Құптан 19:53
Жаңалықтар

28  отбасыға қайырымдылық көмек берілді

9 қыр 2021 1 476 рет оқылды
28  отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Бүгін "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Карантиндік талаптарды сақтай отырып, әлеуметтік аз қамтылған 28  отбасыға 200 кг сиыр еті таратылды. 

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық. Халқымызда “қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің” деген керемет тәмсіл бар. Біз әр сауапты амалды Алла разылығы үшін жүзеге асырамыз. Ізгілік шаралары жалғасады” дейді мешіттің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы. 

Қайырымдылық көмек алғандар мешіт әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің баспасөз қызметі