Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құмырсқаның жақ сүйегінің құпиясы ашылды

0 844

Америкалық Орегон университетінің биофизиктері құмырсқаның жақ пен иек сүйектерінің мықтылығы неде екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы pnnl.gov ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Құмырсқаның жағы былай да мықты, алайда, оған қосымша қандай да бір қоспаны қосқан кезде беріктігі артады. Мәселен, шаян сауытын кальций карбонаты берік етіп тұр. Титтей жәндік болғанына қарамастан құмырсқа өзінен бірнеше есе үлкен тіршілік иесін шақса, оңдырмай ауыртады. Бұдан бөлек, ағашты жаңқалап тастайды, уақыт өте келе тозбайтын мықты құрал ретінде  құмырсқаның жағында 8% цинк бар. Ғалымдар ионды сәулелі микроскоптың көмегімен құмырсқа жағының атомаралық құрылымын зерделеп, цинк атомдарын байқаған. Олар түйін ретінде емес, біркелкі орналасқан. Бұл түзілім құмырсқаға қандай да бір материалды тістеген кезде оны тесіп өтуі үшін адам тістерін пайдаланғанға ұқсас күш-қуаттың 60 %-ын ғана пайдалануға мүмкіндік береді. 

islam.kz

Челюсти муравья

Челюсти муравья

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.