Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти имамдарға сертификат табыстады (ФОТО)

0 902

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған іс-сапарында «Жат ағымның алдын алу және оның әдістемесі» тақырыбында өткен 4 күндік семинарға қатысқан өңір имамдарына сертификат табыстады.

Сертификатты табыстау рәсімінде Бас мүфти: «Алла Тағала алған білімдеріңізді еліміздің игілігі мен бірлігі, асыл дінімізді насихаттау жолында жұмсауды нәсіп етсін. Кейбір жастарымыз Ислам туралы толыққанды ақпарат алмағандықтан, білместікпен дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына ілініп қалуда. Біз оларды жат ағымның ықпалынан арашалап алуға бар күшімізді сарп етуіміз керек» деді.

Айта кетсек, Бас мүфти бастамасымен Атырау облысына барған елімізге белгілі ұстаздар мен ғалымдар өңір имамдарына «Жат ағымның алдын алу және оның әдістемесі» тақырыбында 4 күндік семинар өткізді. 

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.