Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Медицина мекемелерінде фото мен видео түсіруге қайта рұқсат берілді

0 912

Медицина мекемелерінде фото және видео түсіру бойынша шектеу карантин кезінде енгізілді. Қаулыға енгізілген өзгеріс бүгіннен бастап күшіне енді.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, денсаулық сақтау ұйымында, жедел медициналық жәрдем көлігінде, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда пациенттер мен медицина қызметкері келісімінсіз аудио, фото және видео түсіруді шектеу тармақшасы алынып тасталды.

Сондай-ақ енді медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізуі кезінде, науқас пен онымен байланыста болған адамдар арасында сауалнама жүргізу барысында аудио, фото және видео түсіруге рұқсат берілді.

Бұл шектеу елдің бас санитар дәрігерінің 2021 жылдың 2 қыркүйектегі №38 қаулысында көрсетілген еді.

Жаңа қаулы 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Құжат мәтіні денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

Sputnik Қазақстан

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.