Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти екі дін қызметкеріне баспана кілтін табыстады (ФОТО)

0 568

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «әл-Мәдина» мешітінің екі дін қызметкеріне баспана кілтін табыстады.

«Зекет және қайырымдылық» қоры мен Алматы қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында «әл-Мәдина» мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Нұрбол Тағаев пен азаншы Жақсылық Хасанов баспаналы болды.

Игі іс-шарада ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сауапты іске демеушілік жасаған Мұрат Жұмаханұлы мен жұбайы Гүлнұр Мақсұтқызына ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Бұл отбасы бұған дейін мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына атсалысып,  дәретхана, асханасын қайта жабдықтап берген.

Айта кетейік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 456, 457-баспана, ал Алматы қаласында 12 және 13-пәтер беріліп отыр.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.