Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін қызметкерлері арасында сайыс басталды (ФОТО)

0 1  282

Алматы қаласы Алмалы және Әуезов аудандарына қарасты мешіттердің дін қызметкерлері арасында «ҚМДБ концептуалды құжаттары» кітабының аясында және Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан білім сайысы өтті. Сайыста Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы қабылдаған концептуалды құжаттар негізінде дін қызметкерлері электронды түрде сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа айтқан дін қызметкерлері үздік деп танылды.

Екі аудан бойынша 20 дін қызметкерлері қатысқан іс-шарада үздік деп танылған 
«Мүзәмміл» мешітінің ұстазы Бувраев Хусниддин 1-орын (100 мың теңге), «Төле би» мешітінің ұстазы Көптілеуов Бауыржан 2-орын (70 мың теңге), «Мүзәмміл» мешітінің найб имамы Алиев Тимур 3-орын (50 мың теңге) жүлдеге ие болды. Тағы 5 имамға ынталандыру сыйлықтары (10 мың теңгеден) табысталды. Атап айтсақ «Төле би» мешітінің найб имамы Сүлейменов Орынбасар, «Ақсай» мешітінің 1 найб имамы Таған Мэлс, «Ақсай» мешітінің найб имамы Балтабеков, «Таугүл» мешітінің найб имамы Ахмадиев Дархан, «Төле би» мешітінің ұстазы Мансуров Нұрмахан ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Дін қызметкерлері арасында түрлі тақырыптар мен мәселелерді қамтитын халыққа насихаттау мақсатында құрылған концептуалды құжат пен Құран Кәрімнің 30-шы парасы бойынша өткізілетін сынақ-сайысы басқа аудандарда жалғасын табады. 

azan.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.