Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мәуліт айында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

0 606

Мүбәрак Мәуліт айында Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында жаңа мешіт ашылды.

Құлшылық ордасының ашылу салтанатына Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай қатысып, жиналған мұсылман қауымға ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сәлемін жеткізді әрі мәуліт мерекесі және жаңа мешіттің ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтады.

Сондай-ақ Бас мүфти кеңесшісі мешіт құрылысына демеуші болған кәсіпкер Мунаввер Мухиддинкызына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Жалпы сыйымдылығы 120 адамға арналған мешіт құрылысы 2017 жылы басталып, биыл аяқталды. Құлшылық ордасы «Әл-Бұхари» аталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мешітте ерлер мен әйелдерге арналған намаз залынан бөлек, сауат ашу, ұстаздар бөлмесі және дәретхана орналасқан.

islamkaz.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.