Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Һарам мешітінде айтылған азанның ең алғашқы жазбасы

0 868

Меккедегі қасиетті Һарам мешітінде  айтылатын азанның ең алғашқы жазбасы жарияланды. Жазбаны 1885 жылы голландиялық шығыстанушы Кристиан Сноук Хургронье жасаған. Оның түпнұсқасы Нидерландының Лейден қаласындағы Лейден университетінде сақтаулы. Азаншының есімі белгісіз.

Снок Хургронье (1857–1936) шығыс мәдениеттері мен тілдерін зерттеген голландиялық зерттеуші және Голландиялық Шығыс Үндістанның (қазіргі Индонезия) отаршыл үкіметінің байырғы халық істері жөніндегі кеңесшісі болды. Османлы Джидда губернаторының көмегімен араб тілін жетік меңгерген Сноке Хургронье 1884 жылы ғалымдар делегациясымен Сауд Арабиясына жіберіледі. Ол докторлық диссертациясын Исламдағы қажылықтың мәртебесі және оның мұсылмандар үшін маңызы туралы жазған.

sunna.kz

Материалды көшіріп басқан кезде sunna.kz  сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Авторлық құқықты сақтаңыз!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.