Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

0 251

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай мерекелік шара өтті.

Жұма намазына жиылған жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері, елімізге белгілі қарилар Жұманазар Садырханов пен Мұртаза Балахмет мәуліт жырын оқып, екі дүние сардарының өмірінен өнеге насихаттады. Алдымен Орта Азия мұсылмандары арасында мәшһүр болған Бәранжи мәуліті оқылып, соңынан белгілі дін қайраткері Сәдуақас Ғылмани атамыз аударған қазақша нұсқасы айтылып, жамағатты ерекше әсерге бөледі.

Соңынан сап болып тік тұрып Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жамағатпен салауат айтылып, алып мешіттің ішін Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіспеншілік кернегендей күй кешті. Сондай-ақ, ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рухына арнайы  Құран аяттары оқылып, бас имам Ерболат Жүсіпов жамағатпен бірге дұға жасады.

muslim.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.