Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан және онымен бірге келген делегация Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) мешітін зиярат ету үшін Мәдинаға келді.
Имран Хан мен оның жұбайы Мәдина әуежайында Раббымыздың Елшісіне (с.ғ.с.) құрмет белгісі ретінде аяқ киімсіз ұшақтан түсті.
Бұл Пәкістан делегациясы үшін әдемі дәстүрге айналғанын ескеріңіз. Бұған дейін, 2021 жылдың мамыр айында да, Имран Хан Мединаға келген кезде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) құрмет көрсету үшін аяқ киімін шешіп, ұшақтан түскен болатын. Премьер-министрмен түскен сурет желіде тарап, дүниежүзіндегі мұсылмандардың назарын аударды.
sunna.kz
Материалды көшіріп басқан кезде sunna.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Авторлық құқықты сақтаңыз!