Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти митрополитпенн кездесті (фото)

0 277

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александрмен кездесті.

Кездесуде дін басшылары Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті съезі, елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтудың маңызы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар тараптар адамгершілік құндылықтарды насихаттау жайлы пікірлерін ортаға салды.

«Бүгінде халықты ізгілік пен бірлікке, адамгершілік пен жақсылыққа шақыру маңызды істің біріне айналды. Бұл бағытта дін өкілдері де үлкен іс-шараларды жүзеге асыруда. Өйткені қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығына үлес қосу – баршамыздың  асыл борышымыз» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.