Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ихсан кітабы жамағатқа таныстырылды (фото)

0 587

4 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітап жамағатқа таныстырылды, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имам Руслан Байзақов  мәуліт айына орай мешіт шәкірттері арасында өткен «Көркем мінез иесі Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты білім сайысы барысында жамағатқа жаңа кітапты таныстырды.

Бас имам ихсан ілімінің Ислам дініндегі орыны жайлы тоқталып, оның адам өміріне әсері, қоғамдық-әлеуметтік, дүние-ақыреттік мән-маңызы мағлұман берді. Жиналған жамағатқа ихсан ілімнің рухани тәрбие қайнары екендігін айта келіп, халқымыздың жүрегіне жақын ілімнің азматтардың жеке тұлғалық дамуы, ішкі мәдениетінің қалыптасуы үшін тигізер пайдасы жайлы сөз қозғады.

Сонымен бірге, ихсан ілімін насихаттау бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары жайлы, мешітке жиналған жұртшылықты хабардар етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.