5 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфуллин жұма уағызын жүргізді, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.
Думан Нәдірұлы жиналған жұртшылыққа «Жиһадтың шын мәні» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз-насихат бөлімінің маманы жиһад түсінігінің Ислам дініндегі шынайы мағынасын жан-жақты қарастырып, нәпсімен күресудің ең сауапты, ең мағыналы, нағыз жиһад екені жайлы түсінік берді.
Сонымен бірге, бұл сөздің сөзің шынайы мағынасы қолға қару алып соғыс іздеу емес екенін еске сала отырып, шариғатымыздағы терминдерді кеңінен ойлап, дұрыс түсіну керектігін айтты.
Д.Нәдірұлының тұщымды уағызын тыңдаған мешіт ақсақалдары намаз соңында ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.