Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Данышпанның таңдауы

0 1  101

Хадистердің бірінде «Бұл дүниенің қадірі – малме, ақыреттің қадірі – ізгі амалмен» делінеді.

Отбасы, ағайын-туысқа, дүние-тіршілікке мал-мүлік болғаны дұрыс-ақ. Бірақ ол көктен жауын болып жаумайды, жасыл шөп болып жерден көктеп шықпайды. Қалай болғанда да уақыт бөліп, бодау беріп харекет ету керек.

Әрекет түбі берекет дегендей әрбір пенде таң бозарып атысымен Жаратушы иемнің «Ар-Раззақ» деген сипатына үміт артып жер бетінен бұйыртқан несібесің іздеп кетері ақиқат. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» дегендей пенденің бұл харекетінің игілігін өзі көріп тауыспаса да, қызығын болашақ ұрпағы көруі де мүмкін.

Алайда, өмірдің мәні тек дүниеде ғана емес екені тағы бар. Шынында да,  адам баласының өмірінің мағыналы аяқтауы, өзінің ғұмырлық миссиясын мәресіне жеткізбегі үшін адам таңдауды дұрыс жасаған лазым.

Абай хакім өзінің «Бірінші қара сөзінде» «Мал бағу. Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұгын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ» дейді. Яғни, өзінің түбеселі кәсібі ретінде дүние тауып, мал көбейтемдікті мақсат етіп отырған жоқ. Дегенмен, бұл мал табудан жеріткен де сөз емес, өзінің жүрек қалауы. Өз мұраты дүние қадірі болған мал табу ісі емес екенін айтып отырғаны.

Осыдан кейін, қортынды жасай отыра енді өзінің мақсаты жайлы бүй дейді:

«Ақыры ойладым; Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын ,кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған байладым»,-дейді. Демек, бұл жерде байлауын айтып отыр. Өзінің өмірінің мәні боларлық мәселенің шешімін тапқандай. Сүйтеді де «енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» деп кесетеді.

«Жақсыдан ат қалар ғалымнан хат қалар» дейді дана халқымыз. Абай хакім де өз артына мал қалдырғанша ғылымның қаламшасын егіп, ұрпақ саялар білімнің талын қалдыруды қалайды. Яғни, дүние қадірінен көрі ақыреттің қадірі боларлық ізгі амалдың жолын қуады.

Рахметолла Байменов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.