Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран және ғылым: Сәбидің жынысы

0 1  182

Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клеткалар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алайда, VII ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе туралы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа құйылған аталық сперматозоидтан жаратылғаны айтылады:

«Ол (Алла Тағала) еркек пен ұрғашы жұбын ытқып шыққан ер кісінің шәуетінен жаратты» («Нәжім» сүресі, 45-46 аяттар).

Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика мен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клетка тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды.

Жыныс – адам ағзасындағы хромосомаларға байланысты. Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі – жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома еркектерде ХУ, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. У хромосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді тасиды.

Адам баласының түзілуі – жұптала жүретін осы хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі де Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі У болады. Демек, жаңа жаратылған сәбидің ұл болуы – ана ағзасындағы Х хромосомасымен аталық клеткадағы У хромасомасының, ал қыз болуы Х хромосомасымен бірігуі нәтижесінде пайда болады.

«Имани гүл» кітабынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.