12 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордадағы жаңа мешіттің суреттері LinkedIn парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Айқын газетінің сайтына сілтеме жасаған Sunna.kz сайты.
Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешітттің сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл мешіт – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ.
Мешіттің салынатыны туралы жаңалық 2019 жылдың 18 наурызында белгілі болды.
Жаңа мешіттің аумағы – 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метрді құрайды.
Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды.
Дереккөзі:aikyn.kz, Бағлан Бекназар