13 қараша. Нұр-Астана. Sunna.kz – Елордада мешіт жамағаттары арасында спорттық ойындардан жарыс өтті, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай, дін мен дәстүр бағыты аясында Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінің арасында «Салауатты жамағат» атты спорттық ойындар сайысы өткізілді.
Тәуелсіздіктің айтулы мерекесі қарсаңында өткен шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, елорда мешіттерінің бас имамдары мен команда мүшелері қатысты.
ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің атынан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілген спорттық шараға қатысқан наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның «Дін мен дәтүр» бағыты бойынша өткізіліп отырға шараның мән-маңызы жайлы баяндай келе, сайысқа қатысып отырған ойыншыларға сәттілік тіледі.
Сайыста ел астанасындағы әрбір мешіттен бір-бірден команда қатысты. 12 команда ұлттық спорттың «Арқан тарту», «Гір көтеру (24 кг)», «Гір көтеру (16 кг)», «Қол күресі», «Асық ату» аталымдары бойынша сайықа түсті.
Командалық есеп бойынша І орынды «Төлебай» мешітінің «Сұңқар» командасы, ІІ орынды «Нұр Астана» мешітінің «Қыран» командасы иеленсе, ІІІ орынға «Райса Ана» мешітінің «Райса Ана» командасы жайғасты.