Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Исабек ишан кесенесін зиярат етті

0 607

17 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарын Ақкөл ауылындағы Исабек ишан кесенесін зиярат етуден бастады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері ишандар рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Наурызбай қажы Тағанұлы Құран хатым дұғасын жасап, дін қайраткерлерінің рухына бағыштады. Сонымен қатар еліміз бен жеріміздің игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Айта кетсек, Мұрат ишанның ұлы Исабек ишан ХІХ ғасырда Ислам дінін алғаш таратушылардың бірі, философ, ағартушы, белгілі ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы болған.

Хазірет Исабек ишан Ақкөл-Жайылмада медресе ашып, мешіт тұрғызған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.