Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти апат болған ауылға барды

0 846

22 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы апат болған аймақ – Ақмола облысы Шортанды ауылына барды, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти апаттан зардап шеккен тұрғындарды сабырға шақырып, ауруханада ауыр хәлде жатқан науқастарға Алладан шипа тіледі.

«Қайғылы оқиға баршамыздың жанымызға қатты батты. Қайғыларыңызға ортақпыз. Еліміздегі барша дін қызметкерлері мен мұсылман қауымы сіздердің отбасыларыңызға дұға жасауда. Алла Тағала ауруханада ауыр хәлде жатқан жандардың тез арада сауығып, орталарыңызға аман-есен оралуын нәсіп еткей. Жаратушы Жаббар Иеміз бұл сынақтың соңын жақсылыққа, қуанышқа ұластырғай. Сіздерге Алладан көркем сабыр тілейміз. Біз әрқашан сіздермен біргеміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, жуырда Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқыс оқиға 3 пәтерлі тұрғын үйде болған. Газ баллонының жарылуы салдарынан 3 пәтерлі жеке үй өртеніп, оның бір бөлігі құлаған. Үйінді астынан 3 адамның денесі табылды. Оның біреуі кәмелетке толмаған бала.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайғылы жағдайға байланысты марқұмдардың отбасына қаржылай көмек көрсетті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.