Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Міржақып: Біздер халықтың басын бәске тіккіміз келмеді

0 801

Жақсы болу үшін депутат болу шарт емес. Депутат болу үшін жақсы болу шарт. Депутат болған кісі абыройлы, жақсы болатын болса, жұрттың алдына Алла бергендер түсетін еді.

Үш жүздің баласы бәрің де қазақсың. Алған бәйгең қазақтікі болады. Алдырсаң да қазақты алдырасың.

 

Біздің ойымызша, халық пен үкіметтің пікірі бір жерден шыққан істен артық нәрсе болмаса керек.

 

Азаматтар адал көңілмен жұрт жұмысына жабылса, ұлтын тура жолға бастаса, халық өз азаматтарын өз жұмысына керек қылып жұмсауды білсе, қазақ жұрт қатарына кірмей қалмауды білмес. Істей білсек, жұрт бізді жұмсауды да үйренер.

 

Әр істің бағыты оң болса ғана, ерушісін адастырмайды. Өзі қайда бара жатқанын білмеген адамның етегін стаушылар қайдан жол табады? Жақсыны – жақсы, жаманды – жаман деу, біреуді асырып мақтаған, иә, кемсітіп жамандаған болмайды.

 

Басқаның айтқаны, айдағанымен жүріп, өз қамын өзі ойламаған жұрттың күні – қараң.

 

Біз өз жұртымыздың тіл салтына, заңына түссек, елге жылдам жақындасамыз, елге жанасқан сайын ел ағартқан іс гүлдейді.

 

Әрбір адам шенеунік болуы мүмкін. Бірақ, әрбір шенеунік қазақ бола алмайды.

 

Шындығында, біздер халықтың басын бәске тіккіміз келмеді. Халық тағдыры карта ойыны емес.

 

Ұйымдаспаған халық, ұрандаспаған топ – мақсатына жете алмайды, көрінгенге жем болады, кез-келгенге құл болады.

 

Үкімет халыққа таянып іс қылуға тиіс. Үнемі үкіметке сүйенген халық ілгері баса алмайды.

 

Оқытудағы мақсат – жалғыз білім беру емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру.

 

Байлық пен білім бірдей керек.

 

Құдай нені жазса соны көреміз деу – соқырлықтың белгісі. Тағдырдың жазғаны болар деу – ақымақтықтың белгісі. Адам не тілесе, Құдай соны тағдыр қылмақшы.

 

Біз басымызға түскен таршылықты бұрынғы бабаларымыздан көретін едік. Солар біздің қамымызды жеген болса, біз мұндай қорлықта, тарлықта жүрме едік деуші едік. Кейінгі буынның ата-бабасы – бүгінгі тірі жүрген біздер. Біз келешекті ойламасақ, кейінгі нәсіліміз бізді қарғамай ма? Алла құзында, тарих алдында біз жауапкер емеспіз бе?

 

Біреудің кітабын сынағанда шығарушының кім екенінде жұмысы болмауы тиіс.

 

Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол жұрттың өзі де күшті.

 

Бүкіл халықтың тәрбиесі – әйелдің қолында. Әйел – халықтың анасы. Тәрбиесіз ананың өсірген баласы қандай болмақ? Күңнн ер көңілді, кең пейілді азамат қалай туады? Күңнен құл тумақшы емес пе?

 

Адамның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған, арын, иманын жеке басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан – қаны тамып тұрған ұлтшыл артық.

 

Жалпы, мұсылман жұрттарына ортақ, жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, біздің қазақ-қырғызда жалғыз-ақ мейрам бар, ол – Наурыз. Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.