Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ төрағасы қайырымдылық мекемесінің ашылуына қатысты

0 866

13 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары барысында Төлеби ауданының Зағамбар елді мекеніндегі «Шахи Мансұр» қайырымдылық мекемесінің  ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Игі іс-шара Қасиетті Құран Кәрім оқумен басталса, алғашқы болып Бас мүфти құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін қасиетті Төлеби төрінде тағы бір жақсылықтың куәсі болып отырмыз. Алланың кәләмі Қасиетті Құран кәрімді оқытып болашақ қарилар мен ғұламалар шығатын берекелі мекеме болғай» деп игі тілегін білдірді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы осы қайырымдылық мекеме басшысына кәде сыйлық және аталмыш ғимараттың салынуына атсалысқан бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ  жиынға Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Ыбырайұлы және Төлеби ауданының мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы қатысып, игі ниетін жеткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.