Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мысырда тәуелсіздік күніне орай футбол турнирі өтті

0 588

14 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Каир қаласында Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы елшілігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Египет Араб Республикасындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай футбол турнирі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Іс-шараға Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары және Моңғолиядан келген қазақ қандастарымыз қонақ болып қатысып, Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Турнир жеңімпаздарын Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы елшісінің хатшысы Асылхан Төлегенұлы марапаттап, елшілік атынан Қазақстан азаматтарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.