Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пәтуалар жинағының үшінші кітабы жарық көрді

0 577

14 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –  Елордада өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХІІ мәжілісінде Пәтуалар жинағының үшінші кітабының танытымы өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«Muftiyat» баспасы шығарған жинақтың танытымына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесі мүшелері қатысты.

«Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады?» деген сауалдар жиі қойылады. Бұл жинақ – Кеңестің атқарып отырған ауқымды еңбегі мен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарының жемісі деп атар едім» деді ҚМДБ Төрағасы.

Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған жинақта қазіргі кезде қоғамда жиі талқыланатын көкейкесті мәселелер мен үкімдер жан-жақты талқыланып, шариғат негіздеріне сүйене отырып, шешімі мен пәтуалары топтастырылып отыр. Еңбек дін қызметіндегі имамдарға, имандылық жолында тәлім алушы шәкірттерге, сондай-ақ жалпы мұсылман қауымына арналған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.