Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тәуелсіздік мерекесіне орай отбасылық іс-шара өтті

0 917

17 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын ұжым болып атап өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Іс-шарада арнайы мерекелік дастарқан жайылып, насихат пен тілек айтылды.

Мерекелік шараны ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ашып, ұжымды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

«Біз Тәуелсіздік, Отан секіллі қастерлі ұғымдардың аясында бірігіп, ел егемендігін нығайтуға үлес қосуымыз қажет. Өйткені Алла Тағала Құранда: «Бір-біріңе ізгі істе көмектесіңдер» деп бұйырған. Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға ауызбіршілік нәсіп еткей. Алланың берген сыйы – Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Одан әрі Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін балаларға сезіндіру мақсатында балдырғандардың өнеріне кезек берілді. ҚМДБ ұжымының балалары ән шырқап, күй шертіп, би билеп, өлең оқып, кештің шырайын аша түсті.

Мерекелік шарада Діни басқарма қызметкерлері алты топқа бөлініп, арқан тартыс ойынын өткізді. Сондай-ақ мүфтияттың жастары түрлі өнерін ортаға салып, мерекенің шырайын кіргізді. Балалар арасында викториналық ойындар ойнатылып, оларға мерекелік сыйлықтар берілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.