Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имамға құрмет көрсетілді (ФОТО)

0 577

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ар-Рахман» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев жұмаға жиылған жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, бас имам қызметіне осыған дейін «Ар-Рахман» мешітінің найб имамы қызметін атқарып келген Жомарт Анарбековтің тағайындалғанын жеткізді.

Мешіт жамағаты басқа қызметке ауысқан Руслан Байзақовқа алғыс айтып, ақ батасын беріп, ата салтымызға сай иығына шапан жапты.

Өз кезегінде Руслан  имам «Ар-Рахман» мешітінің гүлденіп-көркеюі мен іс-шаралардың ойдағыдай ұйымдастырылуына белсене атсалысқан жамағатқа ризашылығын білдіріп, рахмет айтты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.