Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Ливия елшісімен кездесті

0 661

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ливияның еліміздегі Өкілетті Елшісі Муамер Мансурмен кездесті.

Кездесуде діни саладағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі сөз болды. Бас мүфти отандық діни кадрлардың сапасын арттыру мақсатында жуырда елордамыздан арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығы» ашылатынын атап өтті. Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елшіні Діни басқарманың түрлі бағыттағы жұмыстары жайлы хабардар етті.

Басқосу барысында мәртебелі мейман Муамер Мансур арнайы қабылдап, сұхбаттасуға уақыт бөлген Бас мүфтиге алғысы мен жылы лебізін білдіріп, екіжақты әріптестік байланысты нығайтудың маңызын атап өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.