Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

РАНТ мүшесі жұма уағызын айтты

0 774

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі жұма уағызын айтты.

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Мәди Ахметов «Мұсылманның абыройын қорғау – иманды адамның міндеті» тақырыбында уағыз айтты.

«Адам баласының бойындағы ең асыл құндылықтардың бірі –абырой. Осыны терең түсінген халқымыз: «Абыройыңды жасыңнан сақта» деп өсиет айтып, адамның бойында жастайынан ар-намыс, абырой деген сипаттардың қалыптасуына ерекше мән берген. Ата-бабаларымыз ақ батасын бергенде: «Алла абырой берсін!», «Абыройлы бол!» дейтіні де осыдан. Асыл дінімізде де мұсылманның абыройы аса құрметті саналады, оған нұқсан келтіретін барлық істерге тыйым салынған» деді М. Ахметов.

Сонымен бірге, мұсылманның абыройына нұсан келтіретін істердің маңыздыларына атап-атап тоқталып, жиналған жұртшылыққа танымдық ақпарат берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.