ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапарында Атбасар ауданында өткен қайырымдылық шарасына қатысты.
Игі бастама аясында мұқтаж отбасыға «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 521-баспана берілді. Сондай-ақ дертпен күресіп жатқан 5 жасар бүлдіршіннің еміне 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сауапты іс-шараға демеушілік жасаған жомарт азаматтар мен жамағатқа, сондай-ақ қайырымдылық көмекке ұйытқы болған имамдар мен дін қызметкерлеріне алғыс айтып, батасын берді.