Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін істері жөніндегі атташемен кездесті

0 627

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Діни басқарманың Алматыдағы кеңсесінде Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Дін істері жөніндегі атташесі Эмруллаһ Үзіммен кездесті.

Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы атташеге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, Рамазан айына орай жамағатқа тегін тарату мақсатында Құран Кәрім кітаптарын шығару мәселесін талқылады. Эмруллаһ Үзім 5000 дана Құран Кәрім кітабын басып шығаруға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Сондай-ақ Алматы қаласындағы Құран жаттау орталықтарына екіжақты келісімшарт негізінде Түркиядан ұстаздар алдыру мәселесі қаралды. Эмруллаһ Үзім Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен ұдайы бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Дін істері жөніндегі атташе Қаңтар қасіреті құрбандарының рухына Құран оқып, дұға бағыштады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.