Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ төрағасы Ислам институтында имамдармен сұхбаттасты

0 713

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында болып, имам-молдаларға дағуат әдістері жайында дәріс оқыды.

Бас мүфти дәріс барысында институтта білімін жетілдіріп жатқан имам-молдаларға Діни басқарманың биылғы жеті жұмыс бағыты туралы баяндады. Сонымен қатар имамның жауапкершілігі жайында сөз қозғады.

«Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы. Себебі имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға. Қазіргі таңда имамдарымызға даналық ауадай қажет. Дін қызметкерлері мықты уағызшы болуымен қатар, үнемі ізденіс үстінде жүріп, салауатты өмір салтын сақтап, сүннет жолынан таймауы тиіс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы имамдарға мешітке келуші жамағатқа қажетті жағдай жасау керектігін алға тартты.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасау – біздің назарымызда. Осы ретте сіздерге айтарым – мешітке келуші әрбір азаматқа жоғары деңгейде көңіл бөліп, рухани сұранысын қанағаттандыруға күш салыңыздар» деді Бас мүфти.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.