Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти қаралы отбасыларға көңіл айтты

0 286

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына жасаған жұмыс сапарында Талдықорған қаласында қаңтар оқиғасында қаза тапқан жандардың отбасына арнайы барып, көңіл айтты.

Қайғыдан қара жамылған жандарды сабырға шақырып, басу айтты.

Бас мүфти марқұмдардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап: «Алла Тағала дүниеден озған жандарды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Жаратушы Иеміз еліміздің шетін жаудан, ішін даудан сақтағай» деп дұға етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.