Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кенжеболат Жолдыбайдың отбасына көңіл айтты

0 668

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбайдың отбасына көңіл айтты.

«Кенжеболат Махмұтұлының қазасы менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Алла Тағала рақымына алғай. Иманы өзіне серік болғай.

Ол Діни басқарманың ізгі істері мен игі бастамаларына белсенді түрде атсалысты. Дініміз бен дәстүріміздің, жалпы ұлттық құндылықтарымыздың жанашыры еді. Оның жазған еңбектері жас ұрпақты ізгілік пен имандылық жолын ұстануға үндей береді деп санаймын» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.