Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти сәттілік тіледі

0 503

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқауда  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

ҚМДБ Төрағасы Құран оқудың маңызы мен қос дүниедегі артықшылығына тоқталды. Сондай-ақ Құран жаттаған қарилардың дәрежесін тілге тиек етті.

«Құранды жаттау – Алланың разылығын алатын және ақыретте сауапқа кенелтетін құлшылық. Әрине Құран жаттауды осындай ниетпен жаттаса ғана сауапқа кенелмек. Дүниелік бір пайда үшін Құран жаттау дұрыс емес.

Шариғатымызда Құранды үйреніп, өзгелерге үйреткен адам ең жақсы адам болмақ. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:

«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» десе, енді бір өсиетінде: «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды» дейді. Сондай-ақ Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұмақта қарилармен бірге болатынын сүйіншілеген.

Алла Тағала қари қыздарымызға қос дүниенің жақсылығын, ақыретте жәннаттың төрін нәсіп еткей! Қыздар арасындағы қарилар байқауының жоғары деңгейде өтуіне тілектеспін. Қатысушыларымызға Алла жар болсын» деді Бас мүфти.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.