Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Әйел-қыздар секторына жаңадан меңгеруші тағайындалды

0 811

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының жаңа меңгерушісі тағайындалды.

«Динара Нұрғалиева Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы қызметінен босатылып, ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының меңгерушісі болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Динара Құтқожақызын аймақтағы Әйел-қыздар секторына жауапты ұстаздарға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар сектор қызметін жаңа деңгейге көтеріп, игі іс-шараларға ұйытқы болуды тапсырды.

Бас мүфти бұған дейін сектор жұмысына жауапты болып келген Ақбөпе Қанатқызына алғысын жеткізіп, осы саладағы көп жылдар бойы атқарған жауапты да сауапты қызметі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.