Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әбу Ханифаның жат ағым өкілдерін жеңуі

0 629

Ол кейін фиқһтың маманы болғанда да, кейде кәламға байланысты пікір таласатын. Бірде мешітте отырған кезінде харижиттер қолдарына қару алып, мешітке басып кіреді.

Олардың жаңсақ сенімі бойынша үлкен күнә жасаған мұсылман кәпір саналып, мәңгілік жаһаннамға кетеді. Сол себепті, харижиттер оны сынау үшін сұрақ қояды:

– «Есіктің алдында екі өлік бар. Бірі – еркек. Араққа тұншығып өлген. Екіншісі – әйел. Зина жасап, жүкті болғанын білген кезде асылып өлген. Осы екеуі жөнінде сен не айтар едің?»

– Екеуі қай ұлттан? Яһуди ме? Әлде христиан ба? Не пұтқа табынушы ма? Мұның қайсысы? – деп қарсы сұрақ қояды.

– Олардың ешқайсысы да емес.

– Сонда қай үмметтен?

– Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның құлы және Елшісі дейтін қауымнан, – деп жауап берген харижиттерге:

– Куәлік кәлимасы иманның үштен, төрттен яки бестен бірі ме? – деп тағы сауал қояды.

– Иманның ондай үштен де, төрттен де, бестен де бірі болмайды. Ол бөлінбейді.

– Иманның қаншасы сонда?

– Тұтасы.

– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың мұсылман екенін айттыңдар.

– Сен мұны қоя тұр. Олар жаннаттық па, әлде жаһаннамдық па?

– Ибраһим (ғ.с.) Пайғамбар мүшіріктерге «Ей, Алла! Маған ілескендер менен. Маған қарсы шыққандарға: «Сен кешірімшіл және рақымдысың», – деп дұға етті. Иса Пайғамбар (ғ.с.) «Ей, Алла! Егер оларды азапқа салсаң, олар Сенің құлдарың, егер кешірсең, Сен мейірбан әрі рақымдысың», – деп түйіндейді өз жауабын Әбу Ханифа.

Сөзге тоқтаған харижиттер қаруларын тастап, мешіттен шығып кетеді.

«Ұлық имам – имам ағзам Әбу Ханифа» атты кітаптан алынды

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.