Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алғашқы түлектер диплом алды

0 492

«Астана» медресесінің Қыздар бөлімі алғашқы шәкірттеріне диплом табыстады.

Елордадағы «Әлжан ана» мешітінің қасында орналасқан «Астана» медресе-колледжінде 2021-2022 оқу жылы қорытындыланып, бітірушілердің алғашқы легі диплом алды.

Салтанатты рәсімге ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Гүлбану Қайдарқызы арнайы қатысып, бітіруші түлектерді құттықтап, жылы лебізін арнады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Астана» медресесінің Қыздар бөлімін 4 шәкірт тәмәмдады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.