Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Иман» журналы шығармашылық байқау жариялайды

0 821

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты айына 1 рет жарық көретін діни-танымдық «Иман» журналы «Ата-анаңды аяла» атты шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ қоғамында отбасылық, имандылық және ұлттық құндылықтарды насихаттау, журнал оқырмандарының шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқаудың  шарттары:

–  Байқауға ата-ананың құрметі тақырыбына қатысты еш жерде жарияланбаған ғибратты, әсерлі әңгімелер мен эсселер жіберіледі.

– Шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті (одинарный) интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс.

– Жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16) және iman-kz@mail.ru электронды поштасына – «Байқауға» айдарымен жолдануы тиіс.

– Бір қатысушы бір номинацияға тек бір материал ғана жібере алады.

– Материалдар тек қазақ тілінде қабылданады.

– Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, iman-kz@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек.

Байқаудың міндеттері

–  Ата-ананың құрметін ұлықтау;

–  Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

–  Мұсылман отбасының мәртебесі мен рөлін арттыру,

–  Имани һәм ұлттық құндылықтарды жаңғырту;

–  Зерттеушілердің ізденісін дамыту;

–  Ізденушілерге кәсіби мотивация беру.

Байқау талаптары:

–  Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2022 жылдың 25 мамыр күні аяқталады.

– Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды.

–  Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Ата-ананы аяла») сай болуы керек.

Байқау барысы:

–  Үздік әңгімелер мен эсселер «Иман» журналына жарияланады.

–  Жеңімпаздарды кәсіби журналистер мен діни мамандардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

–  Жеңімпаздар 2022 жылдың маусым айында  Алматы қаласында өтетін қорытынды шығармашылық марапаттау рәсімінде марапатталады.

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:

Объективтілігіне;

Креативтілігіне;

Мазмұнына;

Көркемдігіне;

Сапасына;

Өзектілігіне;

Толымдылығына;

Шынайылығына

және т.б. сипаттарына қарай бағаланады.

 

Жүлде қоры

І орын  (250 мың теңге)

ІІ орын  (150 мың теңге)

ІІІ орын  (100 мың теңге)

Ынталандыру сыйлықтары  (70 мың теңгеден үшеу)

 

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және діни-танымдық «Иман» журналы.

Толық ақпаратты +7 778 948 74 10 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-18.00 аралығында жауап беріледі)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.