Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өңір имамдарына дәріс оқыды

0 1  131

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары кезінде өңір имамдарымен кездесіп, дәріс берді.

«Имамдық – жауапкершілігі жоғары қызмет. Біз имамдық қызметіміз арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұлы міндетін жалғастырып жүрген тұлғалармыз. Сондықтан күнделікті жұмысымызға асқан ыждағаттылық танытып, ықыласпен еңбек етуді әдетімізге айналдырайық. Мешіт – мейірімділік мекені. Алланың үйіне келген әрбір адам үйіне рухани қуат алып қайтуы тиіс. Осыған мән берулеріңізді сұраймын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында имамдар ҚМДБ Төрағасына сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Айта кетсек, Бас мүфти дәрісіне аудан және қала имамдары қатысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.