Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда мешіттері арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

0 992

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты мешіт жамағаттары арасында «Салауатты жамағат» атты ұлттық спорт ойындары бойынша сайыс өтті.

«Шейх Кунта қажы» мешітінің ұйытқы болуымен өткен сайыста қаладағы 12 мешіт жамағаты «Садақ ату», «гір көтеру», «арқан тартыс», «қол күрес», «асық ату» ойындары бойынша бақ сынасты.

ҚМДБ жариялаған «Ислам – ынтымақ пен бірлік жылы» аясында жамағат арасындағы бауырмалдықты күшейтіп, дін мен дәстүр сабақтастығын арттыруға бағытталған «Салауатты жамағат» сайысы бұған дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылған болатын. Бір-бірімен таныс болып қалған қатысушылар да жамағат арасындағы жарасымдылықтың үлгісін көрсетті. Жамағатқа жанкүйер болып, қолдау көрсетуге қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер қауымы да түгелдей қатысып, ерекше сайыс болды.

Сайыс соңында әр спорт түрі бойынша жүлдегерлерге арнайы «Алғыс хат» табысталып, естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, командалардың жалпы көрсеткіштері есепке алынып, жүлделі орындар берілді.

Сайыстың ІІІ орын тұғырына «Әлжан ана» мешітінің «Әлжан ана» командасы лайық деп танылды. ІІ орынға «Ғылмани» мешітінің «Қарашаңырақ» командасы көтерілсе, «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Сұлтан» командасы жалпы есепте І орынды иеленді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.